"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Болашақ мұғалімі"

21.10.2025

Шайхисламова Майра Мекеновна,
“Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы” КММ-де ағылшын тілі пәні мұғалімімін.
Еңбек өтілім – 2 жыл 1 ай.
Ұстаздық – мен үшін жай ғана мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен шабыттың тоғысы. Әр күн сайын оқушыларыммен бірге жаңа нәрсе үйреніп, олардың көзіндегі қызығушылық пен сенімді көру – мен үшін ең үлкен қуаныш.
Менің еңбек ететін мектебім – заманауи, жайлы және оқушылар мен ұстаздарға бар мүмкіндік жасалған орта. Мұнда әр бала өз қабілетін ашып, еркін ойлап, шығармашылықпен айналыса алады. Ал мұғалімдерге – үздіксіз даму мен тәжірибе алмасуға жағдай жасалған.
Сабақтарымда мен заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды тиімді қолдануға тырысамын. Интерактивті платформалар, онлайн ресурстар, бейнесабақтар мен цифрлық тапсырмалар – оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білім сапасын да көтереді.
Мен үшін «болашақ мұғалімі» болу – уақыт талабына сай дамып, шәкірттеріме тек білім емес, жаңа көзқарас пен өмірге деген құштарлық сыйлау.
Біздің мектеп – тек білім ордасы емес, жылы атмосфера мен шығармашылықтың мекені.

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст