Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20.05.2026
2026 жылдың 15 сәуірінде 8 «Б» сыныбында оқушылардың шығармашылық ойлауын, қиялын және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «Жанды суреттер» интерактивті ойыны өткізілді.
Оқушыларға белгілі бір картинаны немесе сюжетті таңдап, оны сөзсіз — тек мимика, ишарат және дене қозғалысы арқылы «жанды сурет» форматында көрсету ұсынылды. Ал қалған қатысушылар команданың қандай көріністі бейнелеп тұрғанын табуы керек болды.
Оқушылар белсенділік, креативтілік пен қызығушылық танытты. Іс-шара өте көңілді әрі жағымды жағдайда өтіп, әр оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.