"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10.09.2026
🎓 Соңғы қоңырау – 2026 🎉
«Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл күн түлектер, ұстаздар, ата-аналар мен барлық оқушылар үшін ерекше әрі толқулы сәт болды. Салтанатты жиында жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Түлектер өз ұстаздарына білім мен қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Мерекелік шараны әсем әндер, шығармашылық қойылымдар, гүлдер мен көтеріңкі көңіл-күй көркейтіп, соңғы мектеп қоңырауы маңызды кезеңнің аяқталып, жаңа өмір жолының басталғанын білдірді.
Түлектерге алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, биік белестерді бағындыруларына, жарқын болашақ пен толағай табыс тілейміз! 🌟