Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек?
07.10.2026
Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек?
Өрт шыққанын байқасаңыз, дереу мұғалімге немесе мектеп қызметкеріне хабарлап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сабыр сақтап, ғимараттан ең жақын қауіпсіз эвакуациялық шығу жолы арқылы ұйымдасқан түрде шығыңыз. Бір-біріңізді итермелемеңіз және заттарыңызды алуға қайта кірмеңіз. Қатты түтін болған жағдайда еңкейіп қозғалып, ауыз бен мұрынды матамен жабыңыз. Лифтті пайдаланбаңыз және құтқарушылардың рұқсатынсыз ғимаратқа қайта кірмеңіз.
@112aqmola
Просмотров: 86