Мектептегі спорттық іс-шаралар аясында 5–6 сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты — физик...
07.10.2026
Мектептегі спорттық іс-шаралар аясында 5–6 сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты — физикалық қасиеттерді, ептілікті, жылдамдықты және қозғалыс координациясын дамыту, сондай-ақ командалық рухты, өзара көмекті және жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеу. Оқушылар жарысқа белсене қатысып, жақсы физикалық дайындық, ұйымшылдық пен спорттық қызығушылық танытты. Ойындар достық және бәсекелестік жағдайда өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын — 5-сынып
🥈 2-орын — 6 «Б»-сыныбы
🥉 3-орын — 6 «А»-сыныбы
Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық табыстар тілейміз!
Просмотров: 66