19 қазанда Герасименко А. В. бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық идеялар калейдоскопы» атты шеберлік...
19.10.2026
19 қазанда Герасименко А. В. бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық идеялар калейдоскопы» атты шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында педагог білім сапасын арттыру және оқушыларды МОДО-ға дайындау мақсатында білім беру үдерісінде қолдануға болатын цифрлық технологиялар мен тиімді құралдарды таныстырды. Қатысушылар практикалық жұмыс тәсілдерімен және цифрлық ресурстарды сабақта қолдану мүмкіндіктерімен танысты.
Шеберлік сабағы педагогикалық тәжірибе алмасуға және бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.
Просмотров: 38