Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер
02.11.2026
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.09.2026 № 259-НҚ бұйрығымен Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы) өзгерістер енгізілді.
Қағидалар мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою, мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау тәртібін айқындайды.
Қағидалар «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы жаңа параграфпен толықтырылды. Қызметті мектептер электрондық үкімет порталы арқылы немесе қағаз жүзінде көрсетеді. Мектепалды сыныбына құжаттар ағымдағы жылдың 1-31 тамызы аралығында қабылданады.
Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың толық мәтіні: «Әділет» АҚЖ, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.