Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Есіл қаласындағы №1 орта мектебі» КММ 2019 жылдың 15 мамыр күні « Отбасы тәрбиесі- өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты тақырыпта жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Пунегова Л.А. сөз сөйледі. Сондай-ақ жиналыста жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі жөнінде мәселе қозғалды. Бұл мәселе бойынша ТЖ бөлімінің қызметкері Бардин А. және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор сөз сөйледі.