"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КР Тілдер мерекесі

26.09.2019

«№1 ОМ» КММ өткізілген  «Ана тілім асыл қазынам»

 

тақырыбындағы апталықтың өткізілу есебі

2019-2020 оқу жылы

Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды,  сондықтан да әр бір тіл өз елі үшін анадай ардақты. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп Майқы бабамыз айтып кеткендей әр тілдің өз мемлекетінде алатын маңызы зор. Оларды бір-бірімен жарыстыруға, бәсекеге түсіруге болмайды деп білеміз. Өйткені әр тілдің өз даму тарихы, басынан өткерген тарихи оқиғалары болады. Кез-келген тіл өзінше қасиетті, өзінше құдіретті.  Десек те, «ана тілің алпыс тілге татиды » дегендей әр халық өз тілін құрметтеп, ардақтауы тиіс.

Қырық рулы қазақ елі тілі, діні, ділі бір ұлт болып Ұлы даланы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, асқан мәрттікпен иемденіп келеді. Қазақ елі егемендігін алғаннан бері тіл мәселесіне көп көңіл бөлінді. Өз ана тілімізді қорғайтын «Тіл туралы заң» қабылданды. Халқымыз әр жыл сайын тілдер мерекесін атап өтетін болды. Осындай іс-шара Есіл қаласының 1 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бастауымен өткізілді. Тілдер апталығының «Ана тілім асыл қазынам» тақырыбы  деп аталды.Аптаның бірінші күнінен бастап «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деген атпен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге жауапты пән мұғалімдері және мектеп кітапханашысы Заикина Л.Г. болды. Осы тақырып аясында қазақ тілі  ұстаздары бір апта бойы  оқушылармен жұмыс жасап, оларға өзге тілдің бәрін білу керектігін, бірақ ана тіліңді құрметтеп, мемлекеттік тілді қастерлеу керектігін ашық-тәрбие сағаттарында айтып түсіндірді, олардың қазақ тіліне деген  сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында аянбай тер төкті. Орыс сыныптары түгелдей қазақша сөйлеуге тырысты. Атап айтсақ мынадай мұғалімдер тіл апталығында жүйелі де,тәрбиелік мәні зор жұмыс жасады. Каирова Ұ.Ш. «Ұлттық ойндар-ұлтымыздың құнды мұрасы»,Умарова А.Т. «XX-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы, Мейрамбек А.«Мәнерлеп оқу» сайысы. Васильева В. Ю.  «Интеллектуалдық марафон». Терехова Е.В. «Planet of English» аты  ойын-викторина.

Өткізілген іс-шараның нәтижесі ойдағыдай болды. Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.

«БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ» тақырыбында интеллектуалдық сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты: тіл мәдениетін көтеру, жас жеткіншектердің ой-өрісін дамыту. Сайысқа 20-дан астам оқушы қатысты. Қатысушылар өзіндік пікірлері мен ойлау қабілетін ауызаша  жанрдың сұрақ- жауап формасы арқылы көрсете білді. Балалар әрбір сұраққа тез арада жауап беріп, өз білімдері мен қабілеттерін айқын көрсете білді. Сайыстың нәтижелері ұпай алу арқылы белгілі болды. 

Еліміздің өркендеуінің үлкен саласы бұл – өз тілімізді құрметтеп, оның дәрежесін арттыру. Сол себепті, осындай іс-шаралар мемлекеттік тілдің және оқушылардың білімдерін дамуына өз үлесін тигізері анық.
Интеллектуалдық сайысқа  жиырмадан астам оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар үш орын бойынша жарысқа түсті:

1-орын 10 сынып;
2-орын  9 «Б»сынып;
3-орын 9 «А» сынып;
Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен, мадақтаумен марапатталды.

Тілдер апталығы кезінде көптеген  түрлі іс-шаралар өтті. Соның бірі мәнерлеп оқу сайысы. Мәнерлеп оқу сайысы 5-8 сыныптар аралығында өткізілді. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысы қыркүйек айының 10 жұлдызында болды. Сайыстың мақсаты:оқушыларды  қазақстандық патриотизмге тәрибелеу, мемлекеттік тілді меңгеруге қызғушылықтарын арттыру. Сайыс барсында көптеген оқушылар қатысып өздерінің қазақ тіліне деген қызығушылықтарын көрсетіп,белсендік танытты.Отан туралы,Тәуелсіз туралы,ақындардың шығармалырын жатқа айтты.Сайыстан тыс 7-сынып оқушысы Абайдың шығармасын әндеп шырқады. Сайысқа барлығы 15 шақты бала қатысты. Соның ішінен жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар анықталып 3 оқушы марапатқа ие болды. Яғни 1,2,3 орын иегері атанып сыйлыққа ие болды. Тілдер апталығы қызықты және жақсы деңгейде өтті.

Просмотров: 567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст