Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 26 Ақпанда жер сілкінісі кезінде балалар мен жұмысшыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялау кезінде басшылықтың, қызметкерлер мен балалардың іс-әрекеттері пысықталды. Оқу мақсаттарына қол жеткізілді. Өткізілген жаттығу мектеп басшылығының балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетті.