КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыруға бет бұру

25.01.2018

Рухани жаңғыруға бет бұру

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей қашанда ұлт болашағы, бүтін бір елдің болашағы бүгінгі ұрпақтың

тәрбиесінен басталады. Тәрбие тал бесіктен басталмаса, кеш болары баршаға мәлім.  Десе де,  бүгінгі жаһанданудың жетегінде келе жатқан қоғамда тәрбие екінші қатарға қойылып, өскелең ұрпақтың тәрбиесі ақсап, рухани

жұтаңдық жайлап  келе жатқаны тайға таңба басқандай. Бүгінгі рухани құндылықтан гөрі материалдық құндылықты жоғары қойып, ар-ұятты ақшаға сатуға қымсынбайтын қалге жеткен заманда ел ертеңіне деген  қорқыныш пен үрей пайда болады. Осы орайда Елбасының бастамасымен «Рухани жаңғыруға» байланысты  көптеген  игілікті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Рухани жаңғыру – елдік жаңғыруға,күллі рухани құндылықтарды дамытуға негіз болатын маңызды серпіліс.

Бүгінде біздің мектеп те «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көптеген іс- шаралар атқарылуда.

Тәрбие ісінің жұмысы Рухани жаңғыруды басшылыққа ала отырып құрылған. Мектептің қабырғасына  Рухани жаңғырудың символына айналған қыранның бейнесіндегі эмблемасы жасалып ілінді. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне

бұл бастаманың атқарар рөлі зор деп білеміз.

                Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

  В рамках программы «Рухани жаңғыру» в нашей школе была изготовлена  эмблема и оформлена в фойе.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст