КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік тірегіміз

20.12.2017

Тәуелсіздік тірегіміз

 

Тәуелсіздік

Еркіндігім.

 Қасиеттім.

 Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

 Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!

 Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым!

Қадірің де жоқ онда! ...

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой Маған, Саған Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

 Құрсау болған темір қоғам теңселді!

 Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік, Құның немен өлшеңді!?

 Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі!

 Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

 Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! –деп ақын  Қалқаман Сарин ағам айтқандай тәуелсіздіктің біз үшін құндылығы – ешқандай байлықпен, қазынамен өлшенбейтін баға жетпес сый. Қазақ қазақ болғалы осы тәуелсіздік үшін

күреспеген, қан төгіп, ұл-қыздары құрбан болмаған  дәуір жоқ  шығар. Сан ғасырлар ата-бабаларымыздың арман

етіп, аңсаған азаттығы, солардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған дархан даласы,  кең байтақ жері бүгінде шекарасы сызылған, әлем картасынан ойып тұрып орын алған Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Аллаға мың да бір шүкіршілік дейміз. Кешегі текті, қайтпас қайсар, ержүрек бабаларымыздың бізге мұра етіп кеткен жерінде бүгінде тәуелсіздіктің  әнұраны шырқалып, көгінде көк байрағы желбіреп, ұрпағы алаңсыз өсіп-өнуде.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері 26 жыл өтті. Осы азғана уақытта еліміз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, өркендеп, даму үстінде. Бүгінде Қазақстанды әлем таниды. Бізбен санасады, бізді бағалайды.

130 дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен ететін елімізде бәрі бір атаның балаларындай ынтымақ, бірлікте, тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатырмыз, жан-жақтан көз алартып, елімізге ірткі салып, ие болғысы келіп отырған ашкөз «Көршілерімізге» қарамастан еліміздің іргесі тыныш, шекарамыз берік, ұрпағымыз алаңсыз білім алып, өсіп-өніп жатыр, әлемде дағдарыс болса да біздің қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк, көңіліміз жай, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік! Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы біздің және біздің тәрбиелеп өсіріп отырған ұрпағымыздың қолында. Сондықтан біздің бүгінгі міндетіміз еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, абыройын асқақтату үшін ұрпағымызды ұлтжанды, елін сүйер, елі үшін жан аямас азамат етіп тәрбиелеу.

Тәуелсіздігіміздің тамыры терең, діңгегі берік болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мәңгілік еліміз –қазақ елі жасай берсін!



«Есіл қаласындағы №1 орта мектебі» КММ

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлкейқызы Айбота

 

 

 

Просмотров: 649


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст