КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің Президентім

14.12.2017

Эссе

Менің Президентім

Біз бақытты ұрпақпыз....

Не себепті дейсіз бе? Себебі біз тәуелсіз, егеменді, көк байрағы көгінде желбіреген, жері байтақ, елі бай, аспаны ашық, іргесі тыныш, өз тілі мен ділі бар, сарқылмас салт-дәстүрі, өшпес өнері, абыз аталары, ақылды аналары, еңселі ерлері, ибалы қыздары және көреген Көшбасшысы бар  күн сәулелі Қазақ жерін мекен етудеміз.

Иә бақыттымыз деп айтуға негіз барына ешкім дау айта алмасы анық. Сан ғасырлар ата-бабаларымыздың арман етіп, аянбай күресіп, соның жолында сан мың бабамыз құрбан болып, жырға қосып, қолы жетпей, аңсап кеткен тәуелсіздіктің көк байрағы бүгін біздің көгімізде желбіреп тұр.

Қазақты Ресейдің бодандығынан  құтқару үшін жан аямай күрескен Кенесары ханның, Алаш үкіметін құрып егеменді ел боламыз  деп елге ұран тастап, сол арманның жолында талмай еңбек етіп, ақыры сұм саясаттың  құрбаны болып, жазықсыз жалажабылып, қапыда кеткен Әлихан Бөкейханов атамыз бастаған Алаш ұлдарының  ұлы мақсаты бүгінде орындалып, еліміз еңсесін көтерді. Аллаға мың да бір шүкіршілік!

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері 26 жыл өтті. 70 жыл бойы өзге елдің қол астында, сойылын соғып, арбасын айдап, ұранын айтып, жырын жырлап келген елдің, дербес ел болып болашаққа жаңа қадам басуы әрине оңайға

соқпады. Сол сәтте еліміздің  әр саналы азаматының ойы сан-саққа кетіп,   «Болашағымыз бұлыңғыр сияқты, енді не болмақ?»  деген  ойлар туындағаны белгілі. Осы орайда ел тізгінін қолға алып, мемлекетімізді дұрыс бағытта алға жетелейтін отансүйгіш, ұлтжанды Көшбасшының қажет екендігі анық болды.

1991 жылы жалпыхалықтық дауыс беру арқылы ел өз таңдауын жасады. Халық өзінің Көшбасшысын, еліміздің тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты сайлады.

Бүгінде   халқымыздың дұрыс таңдау жасағандығына бүкіл әлем куә болып отыр деп нық сеніммен айта аламыз.

Елбасымыздың  ақылы мен парасатының арқасында біздің мемлекетіміз аз ғана уақыт ішінде саяси және экономикалық  тұрақтылыққа ие болып, әлемдік нарықтан ойып орын алып, жаһандану үрдісінен көш қалмай, әлемдік сахнада өзін жан-жақты көрсетіп,  біртіндеп дамушы мемлекеттермен иық тіресіп келеді.

Біздің елбасымыз осыдан 26 жыл ғана бұрын «Қара шаңырағынан»  «Отау»  тігіп бөлек шыққан жас жанұядай болған Қазақстанымызды бір сәтке де тастаған емес. Ел тізгінін ұстап, оның барлық қиындықтарымен күресіп, жолсыздан жол тауып, шешілмейтін түйінді шешіп, бүтін бір мемлекетке үнемі жауапты болу оңай іс болмаса да, біздің Президентіміз осы жүгі тым ауыр, жауапты іске өмірін арнап, өзі сүйген халқы үшін, аянбай еңбек етіп, аманатын абыроймен атқарып келеді. Мен ең алдымен адам ретінде, содан соң Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, қазақтың қызы ретінде, ана ретінде, ұстаз ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының алдында еңкейіп бас иемін! 130 дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен ететін елімізде бәрі бір атаның балаларындай ынтымақ, бірлікте, тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін, жан-жақтан көз алартып, елімізге ірткі салып, ие болғысы келіп отырған ашкөз «Көршілерімізге» қарамастан еліміздің іргесі тыныш, шекарамыз берік, ұрпағымыз алаңсыз білім алып, өсіп-өніп жатқаны үшін, әлемде дағдарыс болса да біздің қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк, көңіліміз жай болғаны үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік етіп, көк туымызды қисайтпай, ұлтымыздың болашағы үшін жасап жатқан барлық игі істері  үшін Елбасымызға мың алғыс!

Мен ұстаз ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік ел»  идеясын білім мен  тәрбие беру үрдісінде шәкірттерімнің санасына сіңіруді мақсат етемін. Шәкірттерімді ұлтжандылыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін оятып, елі үшін ерінбей еңбек етіп, елінің дамуына өз үлесін қосатын жалынды жастар болуға баулуда оларға Елбасымыздың жарқын тұлғасын үлгі етемін.

Бүгінгі таңда қоғамның әр саласына қанатын жайған Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, қазіргі жаһанданудың етек жайып, рухани азғындаудың қаупі төнген кезеңде, құтқарушы күш тәрізді, дәл уақытында көмекке келді деп санаймын.

Тарихымызға көз жүгіртсек, мемлекетіміз дәл қазіргідей емін-еркін, қайдан жау шабады, ертең қайда көшеміз демей, алаңсыз өмір сүрген кезі бар ма? Әрине жоқ. Сондықтан осы еркіндігімізге, тәуелсіздігімізге мың шүкіршілік! Біздің Тұңғыш Президентіміз, Патшамыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасай берсін!  Қазақ елі, Мәңгілік еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз саналы, болашағымыз жарқын болсын!

 

 

 

«Есіл қаласындағы №1 орта мектебі» КММ

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алькей Айбота

 

 

 

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст