КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жайдары жаз келді

17.06.2017

Жайдары жаз келді

Күлімдеп көптен күткен  жайдары жаз да келіп жетті.  Айналаға шуақ шашып,  табиғаттың құлпырып,  адамзаттың көңілі көтеріңкі күй кешетін бұл мезгілді баршамыз асыға күтетініміз рас. Дәл осы   мезгіл  бәрімізге  бір жақсы жаңалық пен тосын сыйлар әкелетіндей  үмітпен күтетініміз де бар. Бәрінен де жазды балалар асыға күтеді. Жазғы демалыс олар үшін ең тамаша кезең: бой жазып далада жүгіріп, ойын-сауық құрып, өзенге шомылып, ата-әжелеріне, туыс-туғандарына қыдырып, алаңсыз күй кешетін уақыт. Бірақ  жағымды істі әрдайым пайдалы іспен ұштастырып отыру керектігін де ұмытпаған жөн. Сондықтан мектеп тарапынан балалардың жазғы демалысы көңілді ғана болып қоймай,  пайдалы да болсын деген мақсатпен жаз бойы педагогтарымыз жұмыс істейді. Ол үшін оқу жылының

соңында  жаз уақытына арналған мектептің жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Бұл жоспар бойынша бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдері  6 маусым бойы  мектеп алаңында оқушылармен жұмыс жүргізеді. Әртүрлі рөлдік ойындар, ертегілердің сахналануы, экскурсиялар, концерттік бағдарламалар, табиғатқа серуендеу,  спорттық ойындар, қызықты сайыстар – осының бәрі  жазғы мектеп алаңына келген балаларға арналып ұйымдастырылады.

1 маусымнан бастап «Достық» мектеп алаңы осы бағытта өз жұмысын бастап кетті. Ал орта буын және жоғарғы

сынып оқушылары үшін арнайы жасақталған педагогтардың жетекшілігімен отряттар мен  бригадалар  жұмыс істейді. Мәселен 1-маусымнан бастап   «Табиғат қорғаушы» экологиялық отряды, «Жасыл жер» көгалдандыру бригадасы, мектеп бақшасы,  «Мастерок» жөндеу бригадасы, «Тазалық» абаттандыру бригадасы өз жұмыстарын атқаруда.  Бұл атқарылатын жұмыстың мақсаты оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді  пайдалануға, оларды еңбексүйгіштікке, ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа баулу.  Ал 1 шілдеден бастап бұл отрядтардың қатарын «Олимп» спорттық  туризм  үйірмесі, «Интернет клуб», «Асар» аула клубы толықтырады. Балалар өз таңдаулары бойынша осы аталған үйірме, клубтарға қатыса алады. Аталмыш жұмыстар барысында қосымша  күн сайын қызықты сайытар, спорттық және басқа да ойындар  жүргізіледі.

   Сондай-ақ, жаз бойы мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері кезекпен тіл дамыту жұмысына арналған үйірмелерін жүргізеді.  Осы жұмыс арқылы тілдерден үлгерімі нашар немесе тілдерді тереңірек оқуға ниет білдірген кейбір балаларға таптырмас мүмкіндік жасалуда.

Міне осылайша біз оқушыларымыздың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етуге бар мүмкіндікті жасаймыз.

 Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпақтарымыз саналы, тәрбиелі, жазымыз жақсылыққа толы болғай!

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары     Алькей А.

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст