"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Адал жол-честный путь» атты жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде өткен әс-шара туралы ақпарат
2017 жылдың 9 мамырында «Есіл қаласының №1орта мектебінде» қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты пікірсайыс алаңы өтті.
Бұл шараның мақсатары:
· Оқушылардың жемқорлық деген ұғым туралы, оның болу себептері мен оның дамуына әсер ететін факторлар туралы теориялық таным деңшгейлерін тереңдету.
· Белсенді өмірлік көзқарасқа тәрбиелеп, оқушыларға жемқорлықпен күресудің практикалық шараларын меңгерту.
· Өскелең ұрпақты жоғары моральдық құндылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін нығайту. Іс-шараның басында оқушылардың назарына жемқорлық тақырыбына арналған ақпараттық бейнероликтер мен ұсынылды.
Шара командалық ойын түрінде өткізілді, әр мектеп бір команда болды. Ойын оқушылар өздерінің зияткерлік және шешендік өнерлерін ортаға салған үш кезеңнен құралды. Сайыс екі тілде өтті (қазақ және орыс тілінде). Сайыс қорытындысы бойынша командалар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс шараның түйіні ретінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұранмен арнайы флешмоб ұйымдастырылды.
Зам. директора по ВР Алькей А.