КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі - мәңгілік елдің тілі.

06.06.2017

Қазақ тілі - мәңгілік елдің  тілі.

 

Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің,туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын

жасады. Бірде-бір бөгде тілдің сөзін қоспай,бірде-бір цитата келтірмей,таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен   «Әдебиет танытқышты» жазып шықты. (Сырбай Мәуленов)

 

Қазақ елінің әрбір азаматы сол елдің мемлекеттік тілінде сөйлеу және сөйлеп үйренуге дағдылануы қажет. Бұл өмірдің заңдылығы , адамзаттың құндылығынан туындайтын өмірлік қағида болып қалыптасумен бірге сол елдің ұрпағы үшін аманат.Қай бір елде болмасын, қанша тілде сөйлесін сол елдің мемлекеттік тілі басты маңызды құжатын сол елдің болмысын әрі әдебиетін, мәдениетін көрсете алатын ең негізгі бөлінбейтін қарым - қатынаста қолданылуын қажет етеді. Мәңгілік елдің салт – санасы, әдеп – ғұрпы, тарихы алдымен қазақ тілінде халық арасында сөйлеп тұруы

тиіс. Әлемнің барлық елін алып қарасақ та сол елдер өз елінің мемлекеттік тілінде ғана сөйлеп, басқа елдермен дипломатиялық қарым - қатынасын дамытып отырған жоқ па? Былай бір ағып жатқан бұлақтың суындай жай ғана ішер кезде қолданып, басқа уақытта құм - топырақ астында басылып қалардай, қайта тазартып қолданатын дүние емес. Өкінішке орай кейбір елді мекенімізде қазақ тілінің қолданысы көңілге ауыр тиіп, жүрек сыздап деміңді ішке тартқызар « баяғы жар тас , бір жар тас» болып тұрғанын көресің де, сезесің. Сөйте тұра көрмейсің де білгің келмейді.

Қазақ елінің қонақжайлылығы қонағына мал сойып, ет пісіріп беретінін басқа досы сыйламаса және де сыйлата алмаса «сыйға-сый ,сыраға бал беретін» болмағаны ма? Қалай айтсақ та әрбір тілде сөйлесек те біз бәріміз бір елдің азаматымыз сол елдің заңын азаматтық тұрғыда сыйлап қорғауымыз міндет.Олай болса ойланып сөйлейтін,ойға түйетін пікірді ашық жеткізетін кезде жеткелі қашан.Тіл туралы сөйлеген соң Ахмет Байтұрсынұлы туралы ауызға алмасақ қателесіп тұрғандай боламыз.Қазақ халқы үшін өмірімен жанын қиған. Қазақ тіл туралы «Әліппе» құралдарынан бастап жазып,қазақ тілінің табиғатын,құрылымын танып - танытудағы зор еңбегін ешкімде ұмытпақ емес еді.Бірақ өз тіліміздің болашағын өз қолымызбен кескендей «Әліппені» кесіп тастағанымызда мүгедек күй көпшілікке мүкіс болып сезілгені аян еді.Кейде жаның ашып, кейде күйінесің ұлттың тілі мен діні қайта оралып қолға келіп жетпегенін жеткізіп, кемтігін толтырудың орнына арланбастан,қызармастан онан ары кескілеп қысқартқанымызға жол болсын. Біз сондай халге түсетіндей бүгінгі таңда басымызға не күн туды ағайын. «Сабыр түбі сары алтын» болса да әр таңның шапағы бар әрбір жолдың жетуге мұраты бар. Әр халықтың өз мәдениетімен тілін дінін қадірлейтін ұяты,ары – намысы бар халайық !

Әрбір қазақ тіліндегі оқулықтар жүйелі түрде басылымға енгізіліп, қатесіз әрбір сыныптағы оқушының жас ерекшелігімен сәйкес нақты білім беретін адалдықпен ,жанашырлықтан шыққаны маңызды.Ол біздің болашақ ұрпақ алдында жасаған игі ісіміз. Ол тілге, Отанға, Мәңгілік ел жастарына берер үлгі өнегеміз.Шет тілінен кірген сөздерге өндіріспен өркен қанат жайған заманда қазақ тіліндегі баламасын мүмкіндігінше қолданысқа енгізсек нұр үстіне нұр

болар еді...

 

 

 

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст