КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің Әз-наурыз

27.03.2017

Қош келдің Әз-наурыз.

Қаһарлы қыстың ызғары кетіп, күннің көзі жылы шуағын шашып, қалың қардың бауыры жылып, бабымен жіби бастағанда, ұзақ қыстан қажыған адамзат пен жан-жануар, барша табиғат көктемнің келуіне мәз-мейрам болып шаттыққа бөленетін бір кезең наурыз айында болады. Сондықтан осы бір наурыз мерекесін барша халық ерекше

ықыласпен асыға күтіп, көңілді қарсы алатыны белгілі. Қазақ наурыз мерекесін  «Ұлыстың ұлы күні», «Әз-наурыз»,

«Жыл басы» деп ерекше қастерлеген.

Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға. – деп Мұқағали атамыз жырлағандай ата-бабамыз салып кеткен наурыз тойлау дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, елімізде жыл сайын жоғары деңгейде тойланып жүргені үлкен жетістік деуге болар.

Ұлыстың ұлы күнін біздің мектепте өз деңгейінде атап өтті. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары, тұрмыс-тіршілігі туралы білімдерін жетілдіру және ұлтқа

деген құрметтерін арттыру мақсатында осы мереке қарсаңында арнайы жоспар бойынша біршама  іс- шаралар өткіздік.

Наурыздың  13- нен бастап  мектеп кітапханасында «Қазақстан –Еуразия жүрегі. Бабалар өнері –ұрпақ мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды.

14.03.17  - «Наурыз – шаттық меркесі»  атты сурет салу байқауы өтті.

15.03.17 – 9-11 –сынып  оқушыларының арасында «Наурыз мейрамы –2017 » атты  тоғызқұмалақтан  сайыс өтті.

16.03.17 –«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты қолөнер бұйымдары мен қылқалам туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

17.03.17 –6-7 –сынып оқушыларының арасында шахмат пен дойбыдан наурыз меркесіне арналған  блиц-турнир

өткізілді.

18.03.17 –1-11 – сынып оқушыларының қатысуымен «Жайнай бер Қазақстаным» атты флешмоб ұйымдастырылды. Сондай-ақ бастауыш сыныптардың наурыз мерекесіне арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалап, ерекше әсер алдық. Бұл мерекеге зор ықыласпен дайындалған балалар,  ұлттық киімдер киіп, дәмді  тағамдар даярлап, би билеп, ән салып, өлеңдерін оқып, көңілімізді бір көтерді.

20.03.17 –  5-11 –сынып оқушыларының қатысуымен болған «Қош келдің, Әз-наурыз» атты мерекелік концертте

әр сынып қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетті, кештің қонағы болған басты кейіпкерлер патша мен ханшайымның  көңілін көтеру үшін балалар ән шырқап, би билеп, ұлттық ойындар ойнады, концерттің соңында Қыдыр ата ақ  батасын берді.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт  түлік ақты

болсын!

 

Есіл қаласындағы №1 ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Айбота Әлкейқызы.

 

 

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст