КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктемнің шуақты мерекесін атап өттік

15.03.2017

 

 Көктемнің шуақты мерекесін атап өттік.

Әйелдер-ай!
Әйелдер!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қандайсың?!
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай,
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!
...Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай!
...Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...- деп ақиық ақын Мұқағали атамыз жырлап кеткен әйелдерді жыр етіп, оларға жылы сөз, құттықтау арнап, сыйлық сыйлайтын жыл сайынғы Халықаралық әйелдер  күні мерекесі де болып өтті. Осы мерекеге орай біздің мектепте біршама іс-шаралар болып өтті. 4-наурыз күні  1-4 сыныптар арасында  «Әлемді тербеткен ана» атты көркем сурет байқауы болды. Оқушылардың үздік  туындылары  мектеп қабырғасының

құттықтау бұрышына ілінді. Сайыс жеңімпаздары мадақтау қағаздарымен марапатталды.   6 –наурыз күні бастауыш сынгып оқушыларының арасында «Аналардың алақаны» атты  арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл шараға оқушыларымыздың аналары мен әжелері келіп, балаларының әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалап, өз қолдарымен жасаған хаттарын, шағын сыйлықтарын алып разы болып, тамаша көңіл-күйге бөленді.  Наурыздың 7-сі күні «Арулар-асыл жандар» атты мектепішілік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталмыш шараға  5-11 сыныптардың ұлдары жаппай жұмылып көңілді бағдарламаларымен ұстаздары мен сыныптас қыздарын құттықтады. Би билеп, ән салып, шағын көріністер қойып, ойындар жүргізіп, жүрекжарды құттықтауларын айтып, ағынан жарылған ұлдардың өнері мереке қарсаңында бәрінің көңілін бір көтерді.  Осылайша көктемнің шуақты

мерекесін атап өттік.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«Есіл қаласындағы №1 орта мектебі» КММ

 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 Айбота Әлкейқызы

 

 

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст