КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалпы білім беретін Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының № 1 мектебі Ақмола облысының білім басқармасы»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Би додасы өз мәресіне жетті.

24.02.2017

Би додасы өз мәресіне жетті.

Ақпан айының басында мектеп қабырғасында «Променад- шоу» атты би сайысы өтті. Бұл сайысқа 1-11 сынып

оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша би тобында кем дегенде 6 адам  эстрадалық немесе халық биін билеу талап етілді. Байқау барысында әділқазылар алқасы сайыскерлерді келесі талаптар

бойынша бағалады:

 а)орындаушылық шеберлік (биге дайындық деңгейі)

б) актерлік шеберлік  деңгейі

в) костюмдерінің дизайны

Әділ-қазылар құрамында мектеп директоры Каримова Г.К., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлкей А.Ә., тарих пәнінің мұғалімі Пунегова Л.А. және мектеп кітапханашысы Кибекова Н.А. болды. Сайыста қалыс

қалғандар болған жоқ, тіпті даярлық тобының кішкентай бүлдіршіндері де өз өнерлерін көрсетіп, елді сүйсіндірді. Әр сыныптың бұл сайысқа ерекше жауапкершілікпен қарап, тиянақты дайындалғаны көрінді. Ерекше көзге түсіп,

тамаша биімен сөзсіз  алға суырылып шыққан 4а – сынып  оқушылары бастауыш

сыныптар арасында  сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды (Сынып жетекшісі Горбач А.Ш.). Осы буын бойынша 1 орынды Чунга-Чанга биін билеп, ерекше әсер қалдырған 2 б–сыныбының оқушылары  қанжығалады (сынып жетекшісі Чирик О.В.).  2 орынды 1а- сынып оқушылары мен 3 б - сынып оқушылары бөлісті.  Ал 3 орынды 3а – сынып,  1б-сынып және 4б –сынып оқушылары иеленді. Даярлық тобының биші бүлдіршіндері «Променад-шоу жұлдыздары» атты ерекше номинациямен марапатталды.

         Ал жоғарғы сыныптар арасында 10 және 9 а-сынып оқушылары 2 орынға ие болса,  5б-сынып пен 6б-сынып оқушылары 3-орынды бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық би байқауына жолдама алды.

Ал аудандық байқауда мектебіміздің намысын қорғаған 4а сынып оқушылары эстрадалық би номинациясы бойынша  1 орынға ие болса, жұптық би номинациясы бойынша 10 сынып  оқушылары  С. Федорович пен Т.Чириктің жұбы бас жүлдені жеңіп алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Балаларымыздың  жеңістері көп болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

«Есіл қаласындағы № 1 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары  Алькей Айбота.

 

 

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст