Текст
Аналар мерекесі қарсаңында
Есіл қаласындағы №1 орта мектептің жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығында 8 наурыз халықаралық
әйелдер күні қарсаңында мерекелік шара өтті. Шағын орталықтың бүлдіршіндері аналары мен тәрбиешілеріне арнап әзірлеген өнерлерін көрсетті. Тақпақтарын айтып, әндерін орындап, билерін билеп, ертегі көрсетіп жиналғандардың көңілін бір көтеріп тастады.
Аналарға бүлдіршіндерінің былдырлаған тілінен, сыңғырлаған күлкісінен артық қандай сыйлық болсын! Аналар мерекесі құтты болсын! Асыл аналар, ару қыздар аман болсын!