"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос лауазымның конкурсы

14.08.2022
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ 
Пошталық мекен-жайы: 020900 Есіл қ. Оңтүстік 1
Телефоны: 8(71647) 40-1-96
Электрондық пошта: esil-shkola1@mail.ru
Бос лауазымның атауы:
1. Ағылшын тілі мұғалімі;
2. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
4. Тарих пәнінің мұғалімі;
Негізгі функционалдық міндеттері:
- "Есіл қаласының№1 ЖББМ" КММ ішкі еңбек тәртібі ережелері мен Жарғысына, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру және басқару.
Біліктілік талаптары:
     Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмай;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
 
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
 
      2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
 
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
 
      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
 
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
 
      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 
      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
 
      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Просмотров: 325

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст